Шеміршектің жасушалары мен жасушааралық заты, түрлері, өсуі және қаңқа ұлпасының жалпы сипаттамасы
3D · ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА
Шеміршек ұлпасының құрылысын, үш түрін, өсу жолдарын және қаңқа ұлпаларының ортақ белгілерін 3D модельдер арқылы зерттеу.
Неге тізедегі шеміршек жарақаттан кейін ешқашан толық қалпына келмейді?
Қоректену перихондрий тамырларынан немесе синовиалды сұйықтан диффузиямен.
| Белгі | Хондробласт | Хондроцит |
|---|---|---|
| Орны | Перихондрий астында | Лакунада, тереңде |
| Пішіні | Жалпақ, ұршық тәрізді | Сопақ, дөңгелек |
| Бөлінуі | Белсенді | Изогенді топ түзеді |
| Қызметі | Матрикс синтезі | Матриксті қолдау |
| Түрі | Талшықтар | Мысал |
|---|---|---|
| Гиалинді | II тип коллаген | Буын, кеңірдек |
| Серпімді | Серпімді талшықтар | Құлақ қалқаны, көмей қақпағы |
| Талшықты | I тип коллаген шоғырлары | Омыртқааралық диск, мениск |
Гиалинді мен серпімдіде бар; талшықты шеміршекте жоқ.
Балаларда сүйектің ұзынша өсуі эпифиз шеміршегінің интерстициалдық өсуі арқылы.
Су сығылып шығады, жүктеме кеткенде қайта сіңеді — шеміршек «тыныс алады».
| Аймақ | Ерекшелігі |
|---|---|
| Беткі | Жалпақ хондроциттер, талшықтар параллель |
| Аралық | Дөңгелек жасушалар, талшықтар қиғаш |
| Терең | Жасушалар бағана тәрізді |
| Әктенген | Сүйекпен шекара («толқынды сызық») |
Буын шеміршегі синовиалды сұйықтан қоректенеді — регенерациясы өте әлсіз.
Буын шеміршегі жұқарып, сүйек беттері үйкеледі — ауырсыну, қозғалыс шектелуі.
3D модельде белгіленген құрылымды тап · 10 раунд
20 баллДаму реті, тест, сұрыптау
20 балл10 сұрақ · жауаптар тексергеннен кейін ашылады
20 баллКодсыз ашылады · аты-жөніңді жаз · соңғы экранның скриншотын жұмыс парағына тірке
60 жастағы әйел: тізе ауыруы, таңертеңгі қатаю, рентгенде буын саңылауы тар.
Сұрақ: Шеміршекте қандай құрылымдық өзгерістер болды? Неге өздігінен қалпына келмейді?
Жүк көтергеннен кейін белдің қатты ауыруы, аяқ ұюы.
Сұрақ: Омыртқааралық дисктің құрылысын және зақымдану механизмін түсіндір.
Нәрестенің аяқ-қолдары қысқа; FGFR3 мутациясы.
Сұрақ: Өсу пластинкасы шеміршегінің рөлі қандай?
Топпен талқылау 5 минут · жауапты жұмыс парағына жаз
| Жұмыс түрі | Балл |
|---|---|
| QR-1 «3D-препарат» | 20 |
| QR-2 «Шеміршек шебері» | 20 |
| QR-3 «Кейс-тест» | 20 |
| Жұмыс парағы | 30 |
| Тақтада 3D-препарат, кейс | 10 |
90–100 «өте жақсы» · 75–89 «жақсы» · 50–74 «қанағаттанарлық»